04:00, 02 Тамыз 2017 | GMT +5
«Легия» - «Астана» матчы елорданың үлкен экрандарынан көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары «Легия» - «Астана» матчын қаланың үлкен экрандарынан көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық футбол клубына сілтеме жасап.

«Бүгін «Қазмеди Орталығымен» Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарының «Легия» - «Астана» арасындағы қарымта кездесуін үлкен экрандардан көрсету туралы келісім жасалды»,-делінген хабарламада.
«Астана» футбол клубының әкімшілігі президенттік «Астана» клубымен, сонымен қатар қала әкімдігімен бірлесіп, елорда командасының барлық жанкүйерлерін футболды бірге тамашалауға шақырады.
Айта кетейік, ойын тамыздың 2-нен 3-не қараған түні Астана уақыты бойынша 00 сағат 45 минутта басталады.