Лех Качиньски мінген ұшақтың апатына ауа райы себеп болған

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Поляктың әскери метеорологтары сәуірдің 10-ында Смоленск ауданында жергілікті уақыт сағат 8.25-тегі нашар ауа райы туралы естіген, бірақ бірнеше минуттан кейін апатқа ұшыраған Ту-154М президенттік ұшағының экипажын ол туралы ескертпеген, деп хабарлайды РБК агенттігі.
None
None

«Поляктың әскери метеорологтары Смоленск әуежайындағы жайсыз ауа райы туралы сағат 8.25-те естіп білген. Бірақ ол жайында президенттік ТУ-154М ұшағының экипажына хабарламаған», деп жазады «Речь Посполита» басылымы.

«Бортында 96 адам болған президенттік лайнердің ұшқыштары Смоленскідегі ауа райы туралы соңғы мәліметті Варшавадағы Океньче әскери әуежайынан ұшардың алдында, таңғы сағат 7.27-де алған. Бірақ ол таңғы сағат 5.00-тегі ауа райы туралы мәлімет болған және кейіннен анықталғандай, ескіріп кеткен мәлімет болған», деп жазады басылым.

Барлық 96 адам, оның ішінде Польша Президенті Лех Качиньски де қаза болған Ту-154-М президенттік ұшағы апатының басқа долбарлары әзірге расталған жоқ. Атап айтқанда, Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары поляк мамандарымен бірлесіп жүргізілген зерттеулер мен консультациялардың қорытындысы бойынша ұшақ техникасының жұмысында ешқандай кінәрат болмағанын айтып отыр, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі комитетке сілтеме жасап.

Ұшақтың «қара жәшіктерін» оқу жөніндегі жұмыс тобы зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Инженерлік-техникалық кіші комиссия жұмысының нәтижесі поляк сарапшыларымен талқыланды. Ұшу кезіндегі техниканың жұмысында ешқандай ақау болмаған», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар