07:42, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
Лех Качиньскидің лайнерінің апатына экипаждың қателігі себеп болған - Польша мемлекеттік комиссиясы
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Польша Президенті Лех Качинскидің ұшағының Ресейдің Смоленск қаласының түбінде апатқа ұшырауына экипаж жол берген қателік себеп болған.
Бұл туралы Польшаның Авиациялық оқиғаның себебін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жетекшісі Эдмунд Клих мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Оның айтуынша, «ұшқыштар ұшақтың автоматтық қауіпсіздік жүйесі хабарлаған қауіп туралы барлық ескертуге құлақ аспаған», деп жазады «Речь Посполита" газеті. «Осылайша олар шектен тыс тәуекелге барған», дейді маман.
Катыньдағы аза тұту шарасына қатысу үшін келе жатқан Президент Лех Качиньски бастаған үкіметтік делегацияның ұшақ Смоленск маңында сәуірдің 10-ы күні апат болған еді.