Ленин мавзолейі екі аптаға жабылады
АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Қызыл алаңдағы Ленин мавзолейі екі аптаға - Жеңіс күніне дайындық және оны тойлау кезеңіне орай жабылады.
Бұл бірінші кезекте, Қызыл алаңда парадқа жүргізіліп жатқан дайындықпен байланысты: қазір алаңда инженерлік қондырғылар орнатылып, төсемтастар бекітілуде, деп хабарлайды «Маяк» радиосы Федералдық күзет қызметінің ресми өкілі Сергей Девятовқа сілтеме жасап.
С.Девятовтың айтуынша, Жеңіс парадына дайындық күн сайын дерлік өтуде.