Леонардо да Винчидің қабірі ашылмақ

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Италия Ұлттық мәдени мұра комитеті Леонардо да Винчидің мүрдесін ашуға рұқсат сұрады. Олар Қайта өрлеу дәуіріндегі ұлы суретші жерленген деп саналатын француздық Амбуаз қамалындағы қабірді ашуға бел байлап отыр,

Леонардо да Винчидің қабірі ашылмақ

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Хабарланғанындай, келіссөздерге қатысушылар келісімге қол жеткізген және қабірді ашуға арналған ресми рұқсат 2010 жылдың жазында берілуі мүмкін.

Жоба жетекшісі Сильвано Винчентидің (Silvano Vincenti) айтуынша, ғалымдар алдымен Амбуазде жерленген мүрденің шынымен Леонардоға қатысының бар-жоғын анықтауы қажет. Бұл үшін радиокөмрқышқылы арқылы күнін белгілеу әдісін пайдалану; сонымен қатар, тістерінің және сүйектерінің ДНК-лерін Болоньеде жерленген да Винчи отбасы мүшелері ДНК-лерімен салыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ сараптама Леонардоның неден өлгенін: сүйектер сифилиспен, туберкулезбен ауырған-ауырмағанын және қорғасынмен уланған-уланбағанын анықтауға көмектесуі мүмкін.

Мамандардың мақсаты бас сүйек бойынша Леонардоның сыртқы бейнесін қалпына келтіру болып табылады.