Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығын басқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығын басқарды

«8 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Лима Диас «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциалық емес орталығының Басқарма төрайымы болып тағайындалды.

Лима Диас «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры-ресми өкілі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ директоры, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарған», делінген хабарламада.