Лионель Месси жыл футболшысы деп танылды

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі.  ҚазАқпарат -   Аргентина  құрамасының  және  испандық «Барселона» клубының ойыншысы  Лионель  Месси  ФИФА  нұсқасы  бойынша  жыл   ойыншысы  деп танылды.
None
None

Дүйсенбі күні   кешке  Швейцарияның  Цюрих қаласында  өткен    марапаттау  рәсімі  ФИФА-ның  ресми  сайтында трансляцияланды,  деп  хабарлайды  «РИА  «Новости» агенттігі.

Бұл  Мессидің  мұндай  алғашқы   наградасы.    Былтыр  ол,  қорытындысы  бойынша  аталмыш  жүлденің   иегері анықталатын   жаттықтырушылар  мен  ұлттық команда капитандарының арасындағы сауалда  екінші    аталып,  бірінші  орынды    португалдық  Криштиану Роналду  иеленген еді.

ФИФА-ның  жыл ойыншысы атағы үшін   биыл  Мессиге «Барселона»  бойынша   клубтастары   - Андрес Иньеста мен Хави,  сондай-ақ  мадридтік «Реалдың»  ойыншылары - Роналду мен  Кака   бәсекелес  болды.

Соңғы жаңалықтар