Лисаков қаласында тәуелсіздік алғалы бірінші рет тұрғын үй салынып жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Архимед Мұхамбетов Лисаков қаласына барып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыс басшысы алдымен Лисаков қаласындағы 7-шағынауданда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысымен танысты. Айта кетейік, бұл нысан - тәуелсіздік жылдарынан бері салына бастаған алғашқы құрылыс. Оның құрылысы биыл мамыр айында басталды. 60 пәтерлі тұрғын үй жоспар бойынша 2020 жылы аяқталуы тиіс. Дегенмен, мердігер ұйым қаржы жеткілікті болса, үйді мерзімінен бұрын тапсырамыз деп отыр. 

«Осы жылға бөлінген 35 млн теңге қаржыны толықтай игердік. Құрылыс жұмыстарын тоқтатпау үшін өз қаржымызға керекті жабдықтарды сатып алып жатырмыз. Үйдің сапасы жақсы. Іргетасын 3 метр тереңдікке орнаттық. Тасты ұстап тұратын сапалы топырақ төседік. Алдағы уақытта қаржы бөлінсе дейміз. Қысқа дейін 17 млн теңге қажет. Жоспар бойынша қараша-желтоқсан айында әрлеу жұмыстары басталып кетуі тиіс», - деді «Рудныйсоколовстрой» ЖШС құрылыс бөлімінің меңгерушісі Владимир Кравченко. 

Тұрғын үйді рудныйлық фирма салып жатқанымен, жұмыскерлер Лисаков қаласынан тартылған. Үстеме қаржы жағы шешілсе, олар екі ауысыммен жұмыс істеуге әзір. Өз кезегінде Архимед Мұхамбетов ақша мәселесін біржақты етуге уәде етті. Сондай-ақ, ол пәтер кезегінде дау-дамайдың болмауын қадағалауды тапсырды. 
null 

«Баспана кезекте тұрған мұқтаж жандарға беріледі. Пәтерді бөлген кезде мемлекеттік органдар кіріспесін. Соны қадағалаңыздар! Баспанаға мұқтаж жандардың тізімін жасаумен қоғам белсенділері мен депутаттар айналыссын», - деп тапсырды әкім.

А.Мұхамбетов биыл күрделі жөндеуден өткен қаладағы №4 орта мектепке соқты. Жөндеу жұмыстарына 470 млн теңге қаржы жұмсалған. Жалпы, білім мекемесі ғимараты 1974 жылы пайдалануға берілген. Мектеп директоры Евгения Езехельдің сөзінше, кадр тапшылығы жоқ. Мұнда заманға сай STEM лабораториясы жұмыс істеп тұр. Оқушылар робот техникасы сабағына қатысады.

null

Өңір басшысы қаладағы орталық стадионға да барды. Аталған спорттық нысанға жуырда ғана күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Футбол алаңы төселіп, көрермендер трибунасы жаңарды. Спортшылардың киім ауыстыру, жаттығу бөлмелері де жаңа кейіпке енген. Тамыз айында бұл стадионда облыстық «Тың-Целина» спартакиадасы өткен болатын. Жөндеу жұмыстары мен спорттық шараны өткізуге бас-аяғы 700 млн теңге жұмсалды. 

null 

Соңғы жаңалықтар