20:26, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Лисаков қаласының жаңа әкімі тағайындалды
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысы әкімінің өкімімен Лисаков қаласының әкімі қызметіне Виктор Николаевич Радченко тағайындалды.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, В.Радченко 42 жаста, ол бұрын Қостанай облысының мемлекеттік органдарында басшы қызметтерде болды. 2007 жылдың сәуірінен бері - Арқалық қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
Лисаков қаласының бұрынғы әкімі Валерий Полешко Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.