Лиссабонда Чемпиондар лигасының матчы басталды – «Қайрат» – «Спортинг»

ЛИССАБОН. KAZINFORM — Бүгін Лиссабон қаласында алматылық «Қайрат» клубы мен Португалия чемпионы «Спортинг» арасында ойын басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Лиссабонда Чемпиондар лигасының матчы басталды – «Қайрат» – «Спортинг»
Фото: qazaqstan.tv

«Спортинг» Португалия чемпионатында екінші орында тұр. Клуб бес кездесуде 12 ұпай жинаған: төрт жеңіс және бір жеңіліс. Доп айырмашылығы – 15:4. Команда көш бастап тұрған «Портудан» үш ұпайға қалып келеді.

Алматылық «Қайрат» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Клуб 22 ойында 49 ұпай жинаған: 15 жеңіс, 4 тең ойын және үш жеңіліс. Алдыңғы ойындарда алматылықтар «Оқжетпес» пен «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар