Лиссабонда фуникулер рельстен шығып кетіп, кемінде 15 адам қаза болды

АСТАНА. KAZINFORM – Лиссабондағы туристер арасында танымал «Глория» фуникулері рельстен шығып кетті, деп хабарлайды  BBC.

Фуникулер в Лиссабоне сошел с рельсов, как минимум три человека погибли
Фото: ANTÓNIO DOS REIS CAMPOS

CNN Portugal мәліметтері бойынша, Лиссабонда фуникулердің рельстен шығып кетуіне байланысты 15 адам мерт болып, 9-ы жарақат алды.

Португалиялық SIC Noticias басылымы апаттың жергілікті уақыт бойынша сағат 18:05-те болғанын хабарлады.

Куәгерлер басылым тілшілеріне фуникулердің жолынан жаңылысып, ғимаратқа қатты соғылғанын жеткізді.

Observador басылымы өрт сөндірушілерге сілтеме жасай отырып, апатқа фуникулердің үзіліп кеткен тросы себеп болғанын жазды.

Құрылғыға соңғы рет тексеру 2024 жылдың қыркүйегінде жүргізілген.

Осыған дейін Францияда жарылғыш зат шығаратын зауытта апат болып, 8 адам жарақат алғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар