LIVE: Финляндия президенті Александр Стуббтың Қазақстанға ресми сапары
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келді.
Финляндия басшысының біздің елге сапары 28-29 қазан күндеріне жоспарланған.
Ақорданың мәліметіне сай, сапар аясында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
Айта кетейік, Финляндия Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді серіктесі ретінде көреді. Бұл саяси ұстаным кейінгі жылдары экономикалық өсімге ұласып, мемлекетаралық жобалардың жүзеге асуына түрткі болып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер Орта дәліздің әлеуетін пайдалану арқылы екіжақты сауда үлесін арттыруға ынталы. Ал бұл ресми сапардың аясында қандай келісімдер жасалып, қай салаларға инвестиция тартылуы мүмкін екені жайлы Kazinform-ның сараптамасында кеңірек жазылған.