LIVE: Иран Ислам Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапары

АСТАНА. KAZINFORM - Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды қарсы алу рәсімі басталды. 

Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапары
Коллаж: Kazinform

Екі күнге созылатын сапар барысында сауда-экономикалық мәселелер талқыланып, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы жоспар бекітілмек.

Қазақстан Президенті Иранға 2022 жылы ресми сапармен барған болатын. Сол жолы екі ел арасында визасыз режим енгізу келісімі жасалды, 235 млн доллардың коммерциялық құжаттарына қол қойылды, бірлескен сауда палатасы құрылды. Орталық Азия, соның ішінде біз үшін аса тиімді Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Түркия бағыты бойынша алғашқы контейнерлік пойыз іске қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін Kazinform агенттігі Астана мен Тегеран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа аналитикалық шолу жасаған еді

 

Соңғы жаңалықтар