19:40, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Ливерпуль» жұмысқа балгерді алмақшы
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - «Ливерпуль» ағылшындық футбол клубы соңғы уақыттары команданың жарақаттанған бірнеше футболшыларымен, оның ішінде итальяндық жартылай қорғаушы Альберто Аквиланимен табысты жұмыс істеген сербиялық балгер Марьяна Ковачевичті жұмысқа шақырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Ковачевич ойыншыларды биенің жатырынан алынған препаратпен емдеген.
«Ливерпулмен» қатар балгердің қызметіне «Манчестер Сити» және басқа командалардың ойыншыларымен жұмыс істемеу талабын қоя отырып, Ковачевичке жылына 210 мың еуро еңбекақы төлеуді ұсынған ЧФР румындық клубы да мүдделілік танытты.
Балгердің көмегіне Франциядан, Германиядан және Голландиядан келген ойыншылар да жүгінген.