04:18, 04 Қаңтар 2015 | GMT +5
ЛИВИЯ: Сукна қаласында қарулы топ әскери бекетке шабуыл жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливияның батысындағы Сукна қаласы маңында қарулы топ әскери бекетке шабуыл жасап, 14 сарбаз бен 3 бейбіт тұрғынды ажал құштырды.

Бұл туралы khabar.kz хабарлайды.
Радикалдар сондай-ақ, 3 әскери көлікті алып кеткен. Әзірге бұл лаңкестік әрекетті ешбір экстремистік ұйым мойнына алған жоқ.