Ливиядағы ұшақ апатында тоғыз елдің азаматтары опат болды
Ливияның көлік және коммуникациялар министрі Мохамед Әли Зиданның хабарлауынша, қаза болған 103 адамның ішінде - Нидерландының 61 азаматы, Германияның 2 азаматы, бір француз азаматы, Нидерланды, Зимбабве, Филиппин, Финляндия және Оңтүстік Африка елдерінің тұрғындары бар, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Сондай-ақ, апат 11 ливиялықтың өмірін қиды - олардың барлығы экипаж мүшелері. Апат кезінде бір ғана адам - 8 жастағы нидерландтық бала ғана аман қалып отыр,
Йоханнесбургтен Триполиге ұшып келген лайнер кеше таңертең жерге қону кезінде апат болған еді. Апатқа экипаждың кінәлі болу ықтималдығы және тұманның себеп болу мүмкіндігі қарастырылуда. Ливия өкіметі лаңкестік әрекет туралы долбарды жоққа шығарып отыр.