«Локомотив» АҚ 2020 жылға дейінгі техникалық даму стратегиясының жобасын таныстырды

АСТАНА. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат - Кеше, желтоқсанның 30-ы күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте «Локомотив» АҚ өзінің 2020 жылға дейінгі техникалық даму стратегиясының жобасын таныстырды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Локомотив» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш құжат «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы негізінде әзірленген. Онда «Локомотив» акционерлік қоғамының негізгі алты бизнес-сегменттер бойынша даму жолы көрсетілген. Олардың қатарында: локомотив паркін жаңарту, эксплуатациялық жұмыстар мен жөндеу базаларын оңтайландыру,сондай-ақ өндірістік үрдістерді ақпараттандыру және автоматтандыру, ресурстарды үнемдеу және қозғалыс қауіпсіздігі бар.

«Аталған барлық бағыттар бойынша құзырлы қызметтермен және құрылымдармен алдын ала есептеулер мен кеңесулер жүргізілді. Құжат кеңеске қатысушылардың оң бағасын алды», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

 «Локомотив» АҚ Стратегияны жүзеге асыру барысында оң нәтижелер, әсіресе мультипликативті әсерлер болады деп күтуде.  

Соңғы жаңалықтар