Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Локомотив» АҚ-ның өткен жылғы таза табысы 21 млрд. теңгеден асып түсті

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - «Локомотив» АҚ-ның өткен жылғы таза табысы 21 млрд. теңгеден асып түсті.

«Локомотив» АҚ-ның өткен жылғы таза табысы 21 млрд. теңгеден асып түсті

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған алқа мәжілісінде аталған компанияның президенті Марат Медеубаев айтты.

Оның атап өтуінше, компанияның өткен жылғы жұмысының қорытындысында 21 млрд. 749 млн. теңге таза табыс кірген. Бұл жоспардан 243 млн. теңгеге артық. Сонымен қатар қоғамның кірісі де өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артып, 276 млрд. теңгені құраған.

«Кірістілік көрсеткішінің жақсаруы өткен жылы тасымалдау көлемінің 7 пайызға өсуімен және 2012 жылдың 1 сәуірінде тарифтердің көтерілуімен байланысты болып отыр», - деді ол.

Компания басшысының сөзіне қарағанда, өткен жылы жаңа локомотивтер сатып алуға бөлінген қаражат 100 пайызға игерілген. 70 магистральды және 64 маневрлік тепловоз сатып алынды.