«Локомотив» акционерлік қоғамы қозғалыс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығын өткізде

АСТАНА.  Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ -  «Локомотив» акционерлік қоғамы  жақында  Ақбалық және   Түркістан стансыларында  орын алған  оқиғаларға байланысты    теміржолдағы   қозғалыс қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  айлығын   жариялады.
None
None

Қыркүйектің 1-інен бастап деполардың  еңбекті қорғау  жөніндегі   қызметкерлері   нұсқаулықтар    жүргізіледі,    еңбекті қорғау  саласындағы заңнаманың  сақталу жайы,     қызметкерлердің    қозғалыс қауіпсіздігін   қамтамасыз  ету  жөніндегі бұйрықтар  мен   нұсқаулықтарды  білуі   тексеріледі.  Сондай-ақ  қауіпсіздік    аспаптары  да    сынақтан өткізіледі.

Бұл  шара  қозғалыс қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету, сондай-ақ  еңбекті  қорғау мәселесіне    назар  аудару,    өндірістік  жарақаттар  мен  кәсіби  аурулардың  алдын  алу,   «Локомотивтің»   филиалдарындағы  еңбекті  қорғау   жағдайын  жақсарту  жөніндегі  оң  тәжірибелерді насихаттау  мақсатында   өткзілуде.

Соңғы жаңалықтар