«Локомотив» қақпасын енді Давид Лория қорғайтын болды

         АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жанна Шамова/ - Астаналық «Локомотив» футбол клубының қақпасын енді Давид Лория қорғайтын болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Бұған дейін өз бақытын Ресейден іздеген қақпашы біраз уақыттан соң Қазақстанға қайта оралды. Енді ол  Сергей Юран жаттықтыратын «Локомотив» сапында өнер көрсетпек. Астанаға бүгін ұшып келген Давид шілденің 16-сында алғашқы жаттығуын өткізеді.

         «Мен өз шаңырағыма оралғаныма аса қуаныштымын. Жанкүйерлер  «Локомотивке» қолдау көрсетеді деп сенемін», дейді ағынан жарылған Д. Лория. 1981 жылы қазанның 31-і күні дүниеге келген спортшы бұған дейін Ресейдің Нальчик қаласының «Спартак» футбол клубында өнер көрсеткен еді. Ұлттық құрама сапында 36 рет өнер көрсетіп, оның 24-інде ойынның басынан аяғына дейін қатысты.

Соңғы жаңалықтар