Лондон мэрі кітап жазды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйектің басында Британия астанасы мэрінің «Джонсон назарындағы Лондон» кітабы жарыққа шығады, деп хабарлады Euromag.
None
None

Борис Джонсон кітабында Лондонды көне және қазіргі замандағы тұлғалар арқылы таныстырмақ. Оның айтуынша, Ұлы Альфред, Вильгельм, Джеффри Чосер, Уильям Шекспир, Сэмюэл Джонсон, Джон Уилкс, Уильям Тернер, Лайонел Ротшильд, Уинстон Черчилль сынды ұлы адамдар атақты қаланың даңқын одан сайын асырды.

«Жалпы лондондықтар, - дейді Б.Джонсон - архитектура, инженерлік, қаржы, медицина, әдбиет, музыка, қылқалам өнері болсын, адамзат өміріндегі кез келген салада дара көріне білді».

«Бұл әсем қаланың «құрылысы» ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатыр, оны салуда үлес қосқан қаншама ғұламалар тарихи бетбұрыстар жасаған. Олардың кейбірі ұмыт қалып барады. Олар соңынан келер ұрпаққа үлкен үлгі, мұралар қалдырды», - деп жазады Б.Джонсон.

Соңғы жаңалықтар