Лондон Олимпиадасындағы «күміс» үшін боксшы Әділбек Ниязымбетов «ММГ» АҚ-дан 15 млн. теңге алды
АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетов Лондонда сәтті өнер көрсеткеннен кейін аталмыш спорт түріне жастардың қызығушылығы артты.
Бұл туралы "Казахстанская правда" газеті бүгінгі санында жазды.
Олимпиаданың күміс жүлдегері - ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетов «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-дан сыйлыққа 15 млн. теңге алды. Спортшы Олимпиадаға аттанбас бұрын ол медальмен оралған жағдайда, сыйлық туралы сөз болмайтындығы айтылған болатын. Олар өз уәделерінде тұрды.
Ниязымбетовтың жаттықтырушысы - Марат Жәкиевті де марапаттаудан шет қалмады. Оның Маңғыстау өңірінде боксты дамытуға қосқан үлесі толайым. Ол 90-шы жылдардың басында спортты ұмыт қалудан сақтап қалған аздаған жаттықтырушылардың бірі.
Қазіргі уақытта өңірде спортты дамытуға бөлінетін бюджет артты. Бірнеше арнайы нысандар салынуда, аудандарға ерекше көңіл бөлінуде. Шетпе кентінде спорт кешені ашылғалы бері оның қабырғасынан бокстан 10 жүлдегер және дзюдодан 3 жүлдегер түлеп ұшып үлгерді.