07:51, 02 Қараша 2017 | GMT +5
Лондон орталығында такси бірнеше адамды басып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон қаласының орталығында 1 қарашада такси жаяу жүргіншілерді басып кетті, деп хабарлайды The Independet.
Басылымның жазуынша, бірнеше адам жарақат алған, қаза тапқандар туралы әзірге мәлімет жоқ.
Оқыс оқиға орталық Ковент-Гардон ауданының Саутгемптон-стрит көшесінде болған.
Полиция мен дәрігерлер апат болған жерде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Полиция оқиға себептерін анықтауда, дегенмен лаңкестік әрекет болуы мүмкіндігін жоққа шығарып отыр.