Лондонда әлемдегі ең ірі батут орнатылмақ
Лондонда әлемдегі ең үлкен батутты салу жобасы әзірленді. Жобаға британдық астананың мэрі Борис Джонсон қолдау көрсетуде, оны қаржыландырудың бір бөлігі салық төлеушілер есебінен жүзеге аспақ, деп хабарлайды iTV.
«Bounceway» құрылымы қаладағы ең ұзын батут болмақ, ол «Лондон жанары» мен Темза өзенінің сол жақ жағалауына жақын орналастырылады.
Жаңа эксклюзивті жоба Лондонның дәл ортасында орналастырылып, спортты, көтеріңкі көңіл-күйде жүруді насихаттауға бағытталған. Әрі, ол кейбір тұрғындар үшін көліктің орнын алмастыра алады. Қаланы бұл құрылыммен безендіру шаһар мэрі Борис Джонсонның азаматтарға арналған жаңа ашық алаңдар салу туралы бағдарламасында қамтылған жеті идеясының бірі ретінде жүзеге асырылмақ. Бұл іске 2,3 млн. еуро қаражат жұмсалмақ.