09:39, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Лондонда лейкемияға қарсы вакцинаның клиникалық сынағы басталды
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда лейкемияға қарсы вакцинаның клиникалық сынағы басталды,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы. Бағдарламаға 30-ға жуық ерікті қатысуда. Вакцинада зақымданған клеткаларды оқшаулау және ағзаның қорғаныш қызметін арттыру қабілетіне ие белсенді заттар бар. Вакцина 20 жылдай бойы әзірленіп келді.
Мамандардың пікірінше, бұл препарат тек ақ қан ауруымен ғана емес, басқа да онкологиялық аурулармен күресуге мүмкіндік береді.