11:27, 26 Мамыр 2013 | GMT +5
Лондондағы лаңкестік ісі бойынша тағы үш күдікті ұсталды
АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда полиция Лондонның Вулвич ауданында әскери қызметшіні өлтіруге күдікті тағы үш адамды ұстады, деп хабарлады РБК жергілікті өкімет орындарына сілтеме жасап.

Ұсталған ер адамдар 21-28 жаста.
Полиция ұсталған үш күдіктінің екеуіне элекктрошокер қолдануға мәжбүр болды. Екі ер адам Лондаонның оңтүстігінде үйлерінен ұсталды.
Вулвичтегі лаңкестік ісі бойынша барлығы 6 адам қолға түсті, олардың ішінде әйел де бар. Оларға «кісі өлтіру мақсатында сыбайласқан» деген айып тағылуда. Олардың біреуі бұрын Кенияда сотты болған.
Еске сала кетейік, сарбазға шабуыл жасау 22 мамырда кешке қарай болған - қылмыскерлер әскери қызметшіге пышақ ала жүгіріп, «Аллаһу әкбар» деп айқайлаған. Бұл болған оқиғаның «саяси астары бар исламдық лаңкестік» деп жариялануына түрткі болды.
Бұл оқиға британ қоғамында қызу пікір туғызды. Премьер-министр Дэвид Кэмерон өзінің Францияға сапарын үзді, елде исламға қарсы толқулар орын алды.