Лондонның тұрғындары Жаңа жылды қағаз шыршалармен қарсы алмақшы
АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Лондон Жаңа жылды қатаң үнемдеу, оның ішінде шырша ағашына қатысты үнем жағдайында қарсы алуға даярлануда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Лондонның атақты супермаркетінде тек бірнеше ойыншықтармен ғана безендірілген, қағаздан жасалған шыршалар сатуға түсті. Шыршалар ақшыл түске боялған, сонымен қатар, оған бірнеше өңсіз ойыншықтар мен жарық шырағдандары ілінген.
Алайда шыршалар Лондон тұрғындарының көңілдерінен шықты - оларды сол сәтте-ақ талап әкетті.