16:31, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Лора Буш мемуарын аяқтады
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Лора Буш өз мемуарын аяқтады,
деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
Кеше Лора Буштың кітабының мұқабасы журналистерге таныстырылды. Американың кітап дүкендерінде бұл туынды мамырдың 4-інен кейін пайда болмақ.
Лора Буш өз шығармасында Ақ үйде өткен сегіз жылындағы естеліктерімен бөліспек. Джордж Буштың өзі де кітап жазып жатыр. Оның кітабы 2010 жылдың күзіне қарай басылып шықпақшы. Ерлі-зайыпты Буштардың өз мемуарларына алатын қаламақысы жарияланбай отыр.
Алайда АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің, олардың әйелдерінің және жоғары лауазымды саясаткерлердің кітаптары оқырмандар арасында үлкен сұраныс туғызып, бестселлерге айналып жүр.