Лос-Анжелесте «Оскар» сыйлығынан үміткерлер жарияланды
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Лос Анжелесте «Жылдың үздік фильмі» аталымы бойынша «Оскардан» үміткерлер жарияланды,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Үміткерлердің қатарында Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильмі, атақты режиссердің бұрынғы зайыбы Кэтрин Бигелоудың «Дауыл әміршісі» («Повелитель бури») туындысы, Квентин Тарантиноның «Абыройсыз оңбағандар» («Бесславные ублюдки») фильмі, тағы бірнеше фильм мен «Жоғары қарай» («Вверх») мультфильмі бар. Бұл аталым бойынша барлығы 10 фильм таныстырылып отыр.