LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде Президентке 001 сериялы карта берілді
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаевқа 001 сериялы карта берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін жүрді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысқанын хабарлағанбыз.