Лукашенко: ЕАЭО туралы шарттың қатысушылары барлық келіспеушіліктерді еңсере білді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Алайда Беларусь, Ресей, Қазақстан келіспеушіліктерді еңсеріп, құжатқа қол қоятынына күмәнмен қарағандар да болған.
None
None

Бұл туралы РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуде Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлады Белта.

«Осы жолдағы алуан түрлі тосқауылдарды, кедергілерді, келіспеушіліктерді еңсере алмайды деп ойлағандар бар. Бірақ біз осының бәрін шешіп, кеше құжатқа қол қойдық», деді А. Лукашенко.

Сонымен қатар, құжатты дайындау кезінде шешіміне 3 ел уағдаласа алмаған бірқатар проблемалық мәселелер болды, олар екіжақты деңгейге шығарылды. Атап айтқанда, Беларуське мұнай жеткізу, мұнай бажы, каботаждық тасымалдау, автомобильдер жеткізу көлемдері.

«Бүгінде мұнай мен газға қатысты барлық мәселелер реттелді. Біз мұнай бажы бойынша өте оңтайлы қадам жасадық, келешекте осы алаңды тазалау жұмыстарымен айналысуға уағдаластық», - деп атап өтті Беларусь Президенті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада 29 мамырда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды.

Армения мен Қырғызстан Кеден одағына, кейіннен ЕАЭО-ға қосылуға дайын екендіктерін білдірді. Арменияның ТО-ға қосылу туралы шартына ағымдағы жылғы 15 маусымға дейін қол қою жоспарлануда. Өз кезегінде Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев республика 2014 жылдың аяғына дейін қосылуы мүмкін екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар