Лукашенко президенттік мерзімге кандидатурасын тағы ұсынуды жоспарлап отырған жоқ
АСТАНА. KAZINFORM – Беларусь президенті Александр Лукашенко тағы бір мерзімге сайлауға түсуді жоспарлап отырмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА ақпарат агенттігі.

Лукашенко америкалық Time журналының тілшісіне берген сұхбатында тағы бір мерзімге сайлауға түсу жоспарында жоқ екенін айтты. Ол сондай-ақ ел президенті қызметіне кенже ұлы Николай Лукашенко келеді деген қауесетті де жоққа шығарды.
– Жоқ, ол таққа мұрагер емес, - деп мәлімдеді Лукашенко.
Өз кезегінде ол Беларусьтің келесі президенті сәл басқаша саясат ұстанатын адам болуы мүмкін екенін де мойындады.
Александр Лукашенко президенттік лауазымын 1994 жылдан бері атқарып келеді. 2025 жылдың ақпанында Беларусь Орталық сайлау комиссиясы оның елдегі президенттік сайлауда жетінші рет қатарынан жеңіске жеткенін мойындады.
Бұған дейін Лукашенко ресми түрде Беларусь президенті қызметіне кіріскенін жазған болатынбыз.
Kazinform үшін арнайы БЕЛТА серіктес агенттігі ұсынды.