«Лукойл» компаниясы Қазақстанда 200-ге жуық мұнай ұңғымасын бұрғылайды

АТЫРАУ. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Лукойл Оверсиз Сервис Б.В» компаниясы Атырау облысындағы Оңтүстік Забурын құрылымында барлау ұңғымасын бұрғылауға кірісуге дайын.

«Лукойл» компаниясы Қазақстанда  200-ге  жуық    мұнай ұңғымасын   бұрғылайды

«Лукойл Оверсиз Сервис Б.В» қазақстандық филиалының директоры Андрей Кириловтың айтуынша, бұл - келешегі зор құрылым. Ол Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Атырау облысының аумағында, Ресей Федерациясының Астрахан облысымен шекараға жақын маңда орналасқан.

«Негізгі проблема сол, бұл жерлердегі теңіз суының тереңдігі небәрі 2 метр ғана. Біз мұндай шағын тереңдіктегі бұрғылау жұмыстарына арналған бұрғы станогын таппай отырмыз», - дейді А.Кириллов.

«Лукойл Оверсиз Сервис Б.В» компаниясы жақын арада серіктестерімен бірлесе отырып Қазақстанда барлығы 200-ге жуық барлау және эксплуатациялық ұңғыма бұрғылауды жоспарлап отыр, оның 150 шақтысы - Бозашы кенішінде», - деп хабарлады А.Кирилов.