Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Луврда тарихи жәдігерлер ұрланған зал қайта ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Париждегі Лувр музейі 2025 жылғы атышулы тонаудан кейін алғаш рет келушілер үшін Аполлон галереясын ашады, деп хабарлайды Анадолы.

Франция ұлттық жиналысы мәдени құндылықтарды қалпына келтіру туралы заң жобасын қабылдады
Фото: Синьхуа

2025 жылдың қазан айында белгісіз адамдар шыны витриналарды сындырып, бағалы әшекейлерді ұрлап кеткен галерея 22 шілдеден бастап қайтадан келушілерді қабылдайды.

Алайда галереядағы витриналар алынып тасталады, ал бұған дейін қойылған зергерлік бұйымдар қайта қойылмайды.

Лувр директоры Кристоф Лерибо Le Parisien газетіне берген сұхбатында тонаудан кейін Аполлон галереясында сақталған барлық құнды коллекциялар мен жәдігерлердің музейден әкетілгенін айтты.

Еске салсақ, 19 қазанда Париж прокуроры Лор Беко 4 қарақшының Луврға автогидрокөтергіштің көмегімен кіріп, Аполлон галереясындағы витриналарды бұзып, 9 әшекейді ұрлағанын мәлімдеген болатын. Олардың қатарында III Наполеонның жұбайы императрица Евгенияның 1 354 гауһартаспен көмкерілген тәжі де болған. Қарақшылар қашу кезінде тәжді түсіріп алған.

Тергеу мәліметінше, қылмысты кәсіби топ жасаған. Ұрланған асыл бұйымдардың жалпы құны шамамен 88 миллион еуроға бағаланды.

Төрт қаскөй 8 тарихи әшекейді қолды еткен, ал тонау небәрі 7 минутқа созылған.

Айта кетейік, бұған дейін Францияда бұл атышулы ұрлық оқиғасы желісімен деректі сериал мен көркем фильм түсірілетіні туралы жаздық.