«M-1 Challenge 64» турнирінде ақтөбелік С.Морозов ресейлікке қарсы шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде «M-1 Challenge 64» турнирі өтпек. Оған 2014-2015 жылдары аралығында әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, ММА жекпе-жегінен қазақстандық мықты спортшылардың бірі саналатын Сергей Морозов қатыспақ, деп хабарлады Қазақстан ММА федерациясынан.
None
None

M-1 Global әлемдік промоушенімен келісімшартқа қол қойған ақтөбелік С.Морозов кәсіби жекпе-жегін ресейлік тәжірибелі спортшы Павл Витрукпен өткізеді. Айта кетерлігі, бұл жекпе-жекте біздің спортшы жеңіске жететін болса, онда ол келесі кездесуін M-1 Challenge чемпионы атағын үшін өткізуге мүмкіндік алады.

Айта кетерлігі, С.Морозов бұған дейін 6 мәрте жекпе-жек өткізіп, олардың барлығында да мерзімінен бұрын техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Турнирді «Матч» телеарнасынан 00:30-да тамашалауға болады.

Соңғы жаңалықтар