ІІМ 65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты жаңа талапты түсіндірді
АСТАНА. KAZINFORM — ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев 65 жастан асқан жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өту тәртібіне қатысты түсіндірме берді.
Видеода міндетті медициналық тексеруді қашан және қайда өту керек, уақытында өтпеген жағдайда не болатыны және басқа да маңызды мәселелер түсіндіріледі.
Айта кетелік 65 жастан асқан жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтетіні туралы жазған едік.