М.Ахмадинежад: Иран уранды сыртта байытуға әзір

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Иран Біріккен Ұлттар ұйымы талап етіп отырғандай, уранды сыртта байытуға әзір. Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад осындай мәлімдеме жасады,

М.Ахмадинежад:  Иран   уранды   сыртта  байытуға  әзір

деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

«20 пайызға дейін жете байыту үшін уранды шетелге жөнелтуге байланысты бізде ешқандай проблема жоқ», деп мәлім етті Иран Президенті мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында.

Иран басшылығы уранды жете байыту үшін шетелге жөнелту туралы БҰҰ жанындағы МАГАТЭ ұйымының жоспарын теріске шығарған болатын. Тегран өзіне қажетті ядролық отынды өзі өндіретінін мәлім еткен еді.

АҚШ, Израиль және тағы бірқатар мемлекеттер Иран үкіметін ядролық қару жасап жатыр деп айыптаса, Ислам Республикасының басшылары, ядролық бағдарламаның бейбіт мақсатта екенін айтудан жалықпауда.