ІІМ: Әлеуметтік желілерде тараған шұғыл хабарлама шындыққа жанаспайды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «шұғыл хабарландыру» ретінде тарап жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

фейк
Фото: Ашық дереккөз

Министрлік дерегінше, азаматтарды белгілі бір елдерден келген адамдармен қарым-қатынас жасамауға шақыратын мәтін ресми құжат емес және ведомство тарапынан таратылмаған.

ІІМ тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, күмәнді және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

а
Фото: ІІМ

Сондай-ақ жалған ақпаратты тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау туралы ақпараттың да жалған екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум