М. Айтжанов бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып Мырзағали Айтжанов тағайындалды,

М. Айтжанов бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшылар жақында Миланда өткен әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсеткендіктен, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы бұрынғы бас жаттықтырушы Дәмір Буданбековты отставкаға жіберген.

«1970 жылы туылған Мырзағали Айтжанов 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының үздік жаттықтырушысы, 2007 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жыл адамы, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиевтің және 48 келі салмақта еліміздегі мықты боксшы Біржан Жақыповтың  жаттықтырушысы болып табылады. М. Айтжановқа құраманы дағдарыстан шығару миссиясы жүктеліп отыр», делінген сайттың мәліметінде.