М. Бисенғалиевтің Батыс Қазақстан филармониялық оркестрі дағдарысқа қарсы шаралар аясында өз өнерін көрсетті
ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Сәуірдің 17-сінде Оралдағы Жастар мәдениет сарайында Марат Бисенғалиевтің Батыс Қазақстан филармониялық оркестрі дағдарысқа қарсы шаралар аясында өз өнерін көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оркестр директоры Гүлжан Әлиеваның айтуынша, бұл жолы оркестр Марат Бисенғалиевтің өзі болмаса да, толық емес құраммен концерт қойып отыр. Мұның ерекшелігі, классикалық музыка кеші оқушы, студент жастарға және олардың ата-аналарына арналған. Яғни дағдарысқа қарсы шара десе де болады.
Г.Әлиеваның сөзіне қарағанда, Оралда өткізіліп жүрген скрипкашылардың халықаралық дәстүрлі конкурсын биыл да ұйымдастыру ойластырылуда.