Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

М. Құл-Мұхаммед Лондон Олимпиадасында Қазақстан Әнұранының тиісті деңгейде орындалуын тапсырды

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат -  Бүгін Ақордада спорттық жоғары жетістіктер мен дене шынықтырудың одан әрі дамуына арналған республикалық кеңес барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Лондондағы Олимпиада барысында Қазақстан Әнұранының тиісті деңгейде орындалуын тапсырды.

М. Құл-Мұхаммед Лондон Олимпиадасында Қазақстан Әнұранының тиісті деңгейде орындалуын тапсырды

Биылдың басында кейбір елдерде өткен әлемдік додаларда Қазақстан Әнұраны тиісті деңгейде орындалмағанына тоқталған Мемлекеттік хатшы: «Биылғы Олимпиадада аманшылық болса, Қазақстан Туы желбіреп, Әнұраны асқақтайтын мүмкіндіктер өте көп екендігі көрініп тұр. Өткендегі болған бір-екі оқиғадан тиісті қорытынды шығарып, Олимпиадаға Әнұранымыздың симфониялық оркестрдің орындалуында сапалы түрде жазылған түрін алып бару керек. Соған бір адам жауап беруі тиіс. Сосын көтерілетін Туымыз мемлекеттік сатандартқа сай болуы шарт», - деп тапсырды.

Өз кезегінде ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев аталған айтулы додада еліміздің спортшыларын марапаттау кезінде мемлекеттік рәміздердің тиісті деңгейде көрсетілуін қамтамасыз ететін өкілдер бекітілгенін жеткізді.