М. Құл-Мұхаммед пен Б. Сапарбаев Ақтөбе облысының зиялы қауымы және жастар бірлестіктері өкілдерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің зиялы қауымы мен жастар бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу барысында қасиетті Рамазан айының қарсаңында орын алған қайғылы оқиға турасында сөз болды. Өз сөзінде Мұхтар Құл-Мұхаммед мұндай қылмыстардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

«Күні кеше ғана қандықол қарақшылар қолынан қаншама ақтөбелік Отан қорғаушы жастардың қаны төгілді. Мынандай бейбіт заманда кісі өлтіру өте ауыр әрі кешірілмес қылмыс. Қылмыскерлер басқа жақтан келген жоқ, өз ортамыздан шықты. Ендеше олардың теріс жолға түсуіне тәрбие бере алмаған біз де кінәліміз. Сондықтан біз алдағы уақытта осындай қанды оқиғалар болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. 

Кездесуге 400-ден аса зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері және өңір студенттері қатысты. Олардың арасында  ауған соғысының ардагері, «Ер Бақыт» патриоттық спорт клубының жетекшісі Марат Қойлыбаев, ҚХА мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, экономикалық колледж директоры Сергей Вишняк, жер туралы заңнаманы түсіндіру жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның мүшесі, «Азат орда» қозғалысының белсендісі Көшкенбай Ахметов, қалалық Қоғамдық кеңестің хатшысы, «Жас Отан» жастар қанаты белсендісі Әділет Ғабдолла және тағы басқалары бар.

Соңғы жаңалықтар
telegram