М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Павлодар облысында гастрольдері жоспарланды
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - 24-30 қыркүйек аралығында «Отаным - бақыт мекенім» атты жоба аясында Павлодар облысында М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдері өтеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, гастроль шеңберінде Павлодар мен Ақсу қалаларының тұрғындары мен қонақтарына М.Камолеттидің «Пижама на шестерых», Л.Разумовскаяның «Что хочет женщина» және Л. Герштің «Эти свободные бабочки» спектакльдері ұсынылады.
Спектакльдерге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ирина Лебсак, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Татьяна Банченко, Сергей Уфимцев және басқалар қатсады.