М. Мырзағалиев Мұнай және газ вице-министрі болып тағайындалды
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев ҚР Мұнай және газ вице-министрі болып тағайындалды.
Осы қызметке дейін М. Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.