М.Олбрайт Брюссельдегі бұқаралық іс-шарада болашақ трансатлантикалық қатынастар туралы негізгі баяндама жасады

БРЮССЕЛЬ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО-ның жаңа Стратегиялық тұжырымдамасын әзірлеп жатқан сарапшылар тобының төрайымы Мадлен Олбрайт Брюссельдегі бұқаралық іс-шарада болашақ трансатлантикалық қатынастар туралы негізгі баяндама жасады.
None
None

Өткен аптада Бельгияның астанасында жұмыс істейтін 400-ге жуық саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің алдында сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы трансатлантикалық әріптестіктің алдында тұрған міндеттердің кең ауқымын атап айтты. Атап айтқанда, ол НАТО-ның жаңа Стратегиялық тұжырымдамасын әзірлеу үдерісіне және Солтүстікатлантикалық одақтың болашақ қызметіне тоқталды.

Іс-шараны НАТО-ның қоғамдық дипломатия басқармасы және АҚШ-тың Маршалл германиялық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар