18:10, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде түлектер форумы өтті
ОРАЛ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде түлектер форумы өтті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жетпіс алты жылдық тарихы бар, бұрын Орал педагогикалық институты аталған білім ордасынан 60 мың түлек қанат қақса, биыл екінші рет өткізілген басқосуға үш жүзге жуық адам қатысты. Институтты кезінде Бірғаным Әйтімова, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов сынды мемлекет қайраткерлері, елге танымал ғалымдар мен ақын-жазушылар бітіргені мәлім.
Осы оқу орнының 1976 жылғы түлегі, Алматы қаласындағы Қайнар университетінің доценті, қазақ филологиясы факультетінің деканы Әнипа Мұхтарова, университетті 2007 жылы бітірген ҚР Әділет министрлігі мәдениет және діндер халықаралық орталығының аға қызметкері Әлібек Байнешев білім ордасына деген сағынышы мен ризашылығын жеткізді. Форум барысында бірнеше тақырып бойынша секция жұмыстары ұйымдастырылып, бүгінгі студенттер мен түлектер өнеріне де кезек берілді.