М.Төлепберген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары боп тағайындалды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды,
None
None

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген 1957 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасының мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының лауреаты.

Бірқатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. Соңғы жұмыс орны - Алматы және Жамбыл облыстары бойынша «Қазақ газеттері» ЖШС өкілі.

Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Құмар Ақсақалов аймақ әкімінің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды.

Соңғы жаңалықтар