19:55, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Мьянма озон қабатын сақтауға өз үлесін қосты
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Мьянма үкіметі 2010 жылғы қаңтардан бастап елде хлорлы-фторлы көмірқышқылдарды (CFC) пайдалануға тыйым салды - осылайша, Жердің озон қабатын сақтауда өз үлесін қосуға ниет танытты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Мьянма өз жұмыстарында хлорлы-фторлы көмірқышқылдар (мысалы, фреон) пайдаланылатын рефрижераторлардың, кондиционерлердің және басқа заттардың импортына және сатуға тыйым салды.