Мьянмедегі су фестивалінде 16 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянмедегі су фестивалі кезінде 16 адам қаза тапты, тағы 880-і жарақаттанды.

Мьянмедегі су фестивалінде 16 адам қаза тапты

Бұл туралы жұма күні жергілікті БАҚ хабарлады. Фестиваль Мандалаяда, елдің орталық бөлігінде өтті. Келеңсіз жағдай мас күйінде болған адамдар суда жүретін көлік жылдамдығын асырып, сондай-ақ бір бірімен төбелескеннен болды.

Еске сала кетсек, өткен жылғы су фестивалінде 12 адам қаза тауып, 689 жарақат алған болатын.