20:49, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
М.Жәкішев Президентке «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясының 2008 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының президенті Мұхтар Жәкішевті қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. М.Жәкішев Президентке компанияның 2008 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндап, уран байыту бойынша Ресей-Қазақстан бірлескен кәсіпорнын, ядролық отын өндірісі бойынша тік-ықпалдастық компаниясын, конверсиялық зауытты және отын құрастыру зауытын құру жөніндегі, сондай-ақ Ақтау қаласында атом стансысын салу жөніндегі істердің жай-күйі туралы хабардар етті.- 2008 жылы Қазақстан уран өндіру бойынша Австралияны артқа тастап, әлемде екінші орынға шықты. Биылғы жылы еліміз межелеген уран өндірісінің көлемі бойынша әлемде бірінші орынға шықпақ, - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ының президенті журналистерге арналған брифингте.